ЛОНДОН. Бүгін Лондонда британ премьері Т.Блэр мен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай өзара келіссөз өткізіп, оның барысында Ауғанстандағы қазіргі ахуал, халықаралық лаңкестікке қарсы күрес және есірткі заттардың саудасы проблемаларын талқылады. Келіссөздің артынша бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Т.Блэр мен Х.Қарзай ғаламдық терроризмге қарсы тойтарыс беру үшін әлем бірігуге тиіс деп ата көрсетті. Британ премьерінің айтуынша, адамзаттың құндылықтарына соққы беру және Ирақ пен Ауғанстандағы және Таяу Шығыс елдеріндегі демократияның дамуына бөгет қою үшін ислам экстремистері “зұлымдық идеологиясын” пайдаланып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV