Accessibility links

Палестина Израильді 5 айға созылған өзара бітімді бұзды деп айыптады


ТЕЛЬ-АВИВ. Бүгін Израиль армиясы мен еврей қоныстарын Газа аймағынан шығару туралы үкімет жоспарына қарсы наразылыққа шаққан мыңдаған халық өзара қақтығысып қалды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, армия шеруге шыққандарды Газа аймағындағы Катиф қонысына өткізбеу үшін Кфар Мэймон қаласының маңында қоршап алды. Олардың 20-ға жуығы қамауға алынды. Онымен бірге Израиль әскері Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Дженин қаласында 2 палестиндік партизанды оқа ұшырды. Палестина премьері Ахмад Кураи Израильді 5 айлық бітімді бұзды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG