Accessibility links

А.Эрели (АҚШ): “Ирақтың сүнниттері комитет жұмысынан бас тартуға тиіс емес”


ВАШИНГТОН. АҚШ үкіметі Ирақ халқын конституциялық комитеттің екі мүшесінің қаза болуына қарамастан, жаңа констиуцияны дайындау жұмысын жалғастыруға шақырады. Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Адам Эрели:

- Конституциялық комитеттегі 2 мүшесінің қаза болып, басқа мүшелерінің комитеттен шығып кетуіне қарамастан, Ирақтың сүнни мұсылмандары комитет жұмысынан бас тартуға тиіс емес, - деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қауіпсіздік проблемаларының барлығын түсінуге болады, бірақ конституциялық комитеттің жұмысын алға жылжыту үшін барлығы да тек болашақты ойлауға тиіс.
XS
SM
MD
LG