БЕЖІҢ. Бүгін ресми Бежің өзінің ұлттық валютасы – юаньнің жалғыз АҚШ долларымен арадағы бағамын белгілеуден бас тартатынын мәлімдеді. Оның орнына Қытайдың Орталық банкі өзге шетелдік валюталарды пайдаланатын болады. Осы мәлімдемеден кейін Қытай юані соңғы 10 жылдықта алғаш рет АҚШ долларына шаққанда шамамен 2 пайызға қымбаттады. Бірақ, Қытай үкіметі юаньнің айырбас бағамын “тұрақты” қалпында ұстауға тырысатынын ескертіп отыр.