Accessibility links

Пәкістанда Лондондағы жарылыстарға байланысты жүздеген күдікті ұсталды


ИСЛАМАБАД. 56 адам қаза болған Лондондағы жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен Пәкістанда жүздеген исламшыл ұсталды. Олардың ізін кесу шаралары бүгін де жалғасуда. Пәкістан президенті Первез Мушарраф елдегі осы шаралардың мақсатын түсіндіріп бүгін теледидар арқылы сөз сөйлеуге тиіс. Британдық “Таймс” газетінің хабарлауынша, Пәкістанда ұсталып, тергеліп жатқандардың арасындағы Харун Рашид Асват деген адам Лондондағы қастандықтарды жүзеге асырды-ау деген күдікті азаматтарға жарылыстардың қарсаңында ғана телефон соққан көрінеді. Пәкістан үкіметі осындай есімді азамакттық ұсталғанын әзірше растаған жоқ.
XS
SM
MD
LG