ЛОНДОН. Бүгін Лондонның жолаушы көліктерінде қатарынан бірнеше төтенше оқиға болды. Оқиғалардың жай-жапсары әзірше белгісіз. Әлі расталмаған ресми хабарға сәйкес, метро вагондарында шағын 4 жарылыс шығып, үлкен жарылғыштың орнына оны іске қосатын тетіктері – детонаторлары жарылған болар деп болжануда. Тағы бір төтенше оқиға Лондонның шығысындағы автобуста болды. Автобус пен оған жақын ғимараттың терезелері қирады. Метроның үш бағыты жабылып, оқиға болған ауданды полиция қоршап алды. Әзірше 1 адамның жарақат алғаны туралы хабар бар. Лондон полициясының бастығы Ян Блэр:
- Бас-аяғы 4 жарылыстың болғанын немесе жармақ болғанын біз білеміз. Бірақ, нақты не болғаны әлі белгісіз, - деп мәлімдеді.
Шілденің 7-сі күні Лондонда болған 4 жарылыстың салдарынан 56 адам қаза болып, 700-дей кісі түрлі жарақат алған болатын.