Accessibility links

М.Аббас: “Еврей қоныстарын Газа аймағынан шығаруға Палестина қолдан келген көмегін береді”


РАМАЛЛА. Бүгін Палестина президенті Махмуд Аббас Таяу Шығыста сапарда жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен келіссөз өткізуге тиіс. Ол Райс ханымға Израильдің еврей қоныстарын Газа аймағынан тамыз айында шығару жоспарын жүзеге асыруына палестиндіктердің қолдан келген көмегін беретінін хабарламақшы. К.Райс - Таяу Шығысқа жуырда осы аймақта қайта бұрқ етіп көтерілген қақтығысты басудың амалын қарастыру мақсатында келіп отыр.
XS
SM
MD
LG