РАМАЛЛА. Бүгін Палестина президенті Махмуд Аббас Таяу Шығыста сапарда жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райспен келіссөз өткізеді. Ол Райс ханымға Израильдің еврей қоныстарын Газа аймағынан тамыз айында шығару жоспарын жүзеге асыруына палестиндіктердің қолдан келген көмегін беретінін хабарламақшы. Өз кезегінде К.Райс М.Аббастан Газадан еврей қоныстарын шығару кезінде палестиндік топтар жағынан ешқандай шабуылдың болмауына кепілдік беруін талап етпекші. К.Райс - Таяу Шығысқа жуырда Палестина мен Израиль арасынан шыққан қақтығысты басудың амалын қарастыру мақсатында келіп отыр. Кеше мемлекеттік хатшы күтпеген жерден Бейрутқа аялдап, Сирия армиясы шығарылғаннан кейінгі “демократиялық жаңа Ливанды АҚШ қолдайды” деп мәлімдеді.
К.Райс Палестинадан Газадан еврей қоныстарын шығару кезінде ешқандай шабуылдың болмауына кепілдік талап етпекші
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?