Лондон полициясы бейсенбі күні қоғамдық көлікте бомба жармақшы болды деген күдікпен екінші азаматты кеше тұтқындағандарын айтты, басқа мәліметті әзірше жарияламай отыр. Лондон метросының "Орталық Жолы" бүгін шамалы уақытқа жабылып, қайта ашылды. "Мейл Енд" станциясында қауіпсіздік дабылы қағылып, мұнда полиция мен өртсөндірушілер шақырылған болатын. Лондон полициясы бейсенбі күні қоғамдық көлікте бомбаларды жармақшы болған күдікті азаматтарды іздеу үстінде. Лондон полициясының бастығы Иан Блейер бұл тергеу қимылдарын Британия тарихындағы аса үлкен із кесу операциясы деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі
Дубайдағы Қазақстан. 1-бөлім
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм