Accessibility links

Египеттегі шабуылдардан 83 адам қаза тапты


Египеттің Шарм Эль-Шейх курорт қаласында террорлық шабуылдардан қаза болғандардың саны 83 жетті. Олардың арасында кемінде жеті шетел саяхатшысы бар. Шамамен 200 адам жараланды. Мұнда осы түнде бірінен соң бірі үш мәшинеге қойылған бомбалар жарылды. Шабуылдарды мойнымызға аламыз деп "Әл Қаидамен" сыбайлас "Абдулла Әззам Бригадасы" деген топ мәлімдеді. Мәлімдеме әлі дәйектелген жоқ. Египет ішкі істер министрі Хабиб Әл Әдли шабуылдарды іске асырғандар кім болса да оларды ұстау қажет деді. Египет көршілері, АҚШ, Еуропа Одағы, Ресей, БҰҰ шабуылдарға сөгіс айтты. Израиль құтқару жұмыстарына арнаулы тобын жіберді.
XS
SM
MD
LG