БІШКЕК. Қырғызстанның жаңа сайланған президенті Құрманбек Бәкиев Әндіжандағы қанды оқиғадан кейін Өзбекстаннан қашып келген 12 өзбек азаматының еліне қайтарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Кеше Бішкекте өткізген баспасөз-маслихатында Қ.Бәкиев қырғыз үкіметіне осы 12 адамның ауыр қылмыстар жасап, жазадан бас сауғалап жүргені туралы мәлімет келіп түскенінг хабарлады. Одан бұрын БҰҰ-ы мен адам құқын қорғаушы халықаралық ұйымдар ресми Бішкекті өзбек босқындарын өз елінде қорлық пен қуғынға душар болатынын ескертіп, оларды Өзбекстан үкіметіне бермеуге шақырған болатын.