Accessibility links

Англияның мұсылман қауымдастығы британ полицияның іс-қимылына ащы наразы


ЛОНДОН. Лондон полициясы метроның “Стокуэлл” стансасында полицейлер жұма күні бастан атып өлтірген адамның террористік шабуылдарға қатысы жоқтығын хабарлады. Оның Бразилия азаматы екені анықталды. Бұл оқиғаны полиция трагедия деп бағалап, оған өкінішін білдірді. Англияның мұсылман қауымдастығы полицияның осы іс-қимылына наразылық білдіріп, оқиғаға тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті. Лондонда соңғы бомбаларды жармақ болғандарды іздестіру жалғасу үстінде. Әзірше 2 күдікті ұсталып, тергелуде. Кеше полиция Лондон оңтүстік-батысындағы бір үйде тінту жүргізді.
XS
SM
MD
LG