СТАМБУЛ. Түркияның ең ірі қаласы – Стамбул қаласының бір мейманханасында болған жарылыстан 2 адам жараланды. Түрік полициясының хабарлауынша, бұл бомба уақыт өлшейтін тетік – таймер арқылы белгілі бір қашықтықтан іске қосылғанға ұқсайды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жараланғандардың бірі Голландия азаматы, екіншісі – мейманхада жұмыс істейтін түрік азаматы көрінеді. Полиция бұл жарылысты күрд бүлікшілері ұйымдастырды ма деп күдіктеніп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мәдениет алаңы
Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?