Accessibility links

Лондон полициясы бразильдік азаматтың өлімі үшін Бразилиядан кешірім өтінді, бірақ...


ЛОНДОН. Ағылшын полициясы өткен аптада Лондонда болған жарылыстарға қатысы бар деген үшінші күдіктіні ұстады. Қазір оны тергеу үстінде. Лондон полициясының басшылығы полицияның қолынан қаза болған Бразилия азаматының өлімі үшін кешірім сұрады. Сонымен қатар Лондон әкімшілігі Бразилия азаматын өзін-өзі жармақ болған жанкешті-лаңкес деп қабылдаған полицейлердің оны атып өлтіріп тоқтатқаннан басқа жолы қалмады деп мәлімдеді. 27 жастағы бразильдік өзін тоқтатпақ болған полицейлерден қашамын деп метроның ішінде оққа ұшты. Бразилия үкіметі бұл оқиғаның тиянақты тергелуін талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG