ТБИЛИСИ. Кеше Грузияның ішкі істер министрі Вано Мирабишвили Ресей армиясының өкілдерін Горидегі террористік қастандыққа қатысы бар деп айыптады. 1 ақпандаГори қаласындағы полиция бөлімінің жанында автокөлік жарылып, 3 адам қаза болып, 26 кісі жараланды. Мирабишвилидің мәлімдеуінше, бұл диверсияны орыс армиясының барлау басқармасының полковнигі Анатолий Сысоев ұйымдастырды. Оның айтуынша, жарылысты тікелей іске асырғандар Цхинвал ауданында қолға түсіп, диверсиялық топтың бірнеше мүшесіне іздеу жарияланды. Ресейдің әскерилері мен дипломаттары бұл мәлімдемені “арандатушылық” деп бағалады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?