Accessibility links

Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөз қайта жалғасты


БЕЖИН. Бүгін Бежинде Солтүстік Кореяның ядролық қаруы маңайындағы 3 жылдан бері жалғасып келе жатқан дағдарысты шешу мақсатындағы 6 жақты келіссөз қайта жалғасты. Ресми Пхеньяның өткен жылы келіссөзден бас тартуынан кейін қайта жалғасқан бұл бас қосуға АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдері қатысады. Дүйсенбі күні Қытайдың сыртқы істер министрі бүгінгі келіссөздің жемісті өтетініне үміт білдірді. «Біз, деп атап көрсетті қытайлық министр, келіссөз арқылы нәтижеге жетуді көздейміз; Корея түбегіндегі бейбітшілікті сақтау үшін түбектің ядролық проблемасын диалог арқылы бейбіт жолмен шешкіміз келеді». Солтүстік Кореяның ядролық қаруы төңірегіндегі саяси дағдарыс Вашингтонның Пхеньянды құпия түрде ядролық қару жасауды көздейді деп айыптаған 2002 жылы басталды.
XS
SM
MD
LG