Accessibility links

Бейжіңде Пхеньянның ядролық бағдарламасына арналған келіссөздер жалғасуда


Солтүстік Кореяның ядролық қаруы маңайындағы дағдарысты шешу мақсатындағы 6-жақты келіссөздер сәрсенбі күні одан әрі жалғасты. Сейсенбі күні аталған келіссөздерге қатысып жатқан 6-елдің өкілдері бұл мәселеге орай өздерінің пікірлерін білдіріп, бұл басқосу жалпы жылы жағдайда өткен болатын.

Пхеньянның ядролық бағдарламасына арналған 6-жақты келіссөздер сейсенбі күні Бейжіңде қайта басталып, жылы жағдайда өткен болатын. Бірақ, бұл келіссөздердің нақты неше күнге созылатындығы әлі белгісіз. Ал сәрсенбі күні жалғасқан бұл келіссөздердің басында 6-елдің өкілдері бұл мәселеге орай көзқарасын білдірді.

Келіссөздерден кейін Қытай өкілі Ву Дауейдің айтуынша, жиналысқа қатысқан өкілдер Корея аралын ядролық қарусыздандыруға бағытталған пікірлерін айтқан. «Олардың бәрі бұл мәселе бейбіт түрде, яғни диалог арқылы шешілуін қалайды», деді Ву.

Хабарларға қарағанда, Оңтүстік Корея бұл келіссөздерге қатысатын елдерді Пхеньянмен қарым-қатынастарын қалыптастыруға және оған қауіпсіздік кепілдігін беруге шақырған. Сәрсенбі күнгі келіссөздер басталмас бұрын Сеулдың өкілі Сонг Мин-сун журналистерге берген сұхбатында былай деген-ді:

«Бұл мәселеге орай 6-елдің позицияларының айырмашылықтары туралы келіссөздер барысында білетін боламыз. Оңтүстік Кореяның өкілдері өз ұсыныстарын айтады».

6-жақты келіссөздердің құрамында АҚШ, Жапония, Ресей, Қытай, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері бар. Сейсенбі күні АҚШ өкілі Кристофер Хилл Америка Құрама Штаттары Солтүстік Кореяны егеменді ел ретінде санап, оған шабуыл жасамайды деп мәлімдеген болатын. Ал өз кезегінде Солтүстік Корея өзінің ядролық қару-жарағынан бас тарту бағытында жұмыс істеуге толықтай дайын екендігі туралы айтқан.

Вашингтонда АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шаун МакКормак бұл келіссөздерге қатысушы елдер келіссөздердің жемісті өтуіне сеніп, сол бағытта жұмыс істеп жатқанын көрсетуде деді.

«Келіссөздерге қатысушы елдердің бәрі келесі кездесуге қайтып ораламыз деп шешсе, онда бұл мәселеде алға жылжу болды деп есептейміз», - деді МакКормак.

Бұл жылы пікір айырбастауларға қарамастан, бұл мәселеде әлі де сенбеушілік бар дейді бақылаушылар. Бұдан бұрынғы кездесулер нәтиже бермеген. Ресми Пхеньяның өткен жылы келіссөзден бас тартуынан кейін бұл келіссөздердің қайта жалғасуын БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан оң бағалап, бұл мәселенің шешілуіне үміт артып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG