Accessibility links

Британ полициясы негізгі күдікті азаматты ұстады


Британия полициясы Лондон қоғамдық көлігінде 21 шілде күні бомба шабуылдарын жасамақшы болған азаматтарға баспана берді деген күдікпен үш әйелді қамауға алды. Ал мұның алдында бұл шабуылдарды ұйымдастырды делінген негізгі күдікті азамат ұсталды. Бұл Британияда тұру рұқсаты бар Сомали азаматы Ясин Хассан Омар болып шықты. Бомбаларды жармақшы болды деген күдікпен тағы үш азамат әлі ізделіп жатыр, олар шабуыл жасауы мүмкін деген ескерту айтылды. Шілде айының басында Лондон қоғамдық көлігінде төрт бомба жарылған болатын, осы алғашқы шабуылдарда 52 адам қаза тапты. Полиция шабуылдарды "Әл Қаиданың" адамдары жасады деп біледі.
XS
SM
MD
LG