АҚШ-тың Ирақтағы қолбасшысы генерал Джордж Кассей көтерілісшілер бейбіт азаматтарды көбірек өлтіру жолына түссе де, осылай көбірек әсер жасағысы келсе де, бұл "ұтымды стратегия" емес деп мәлімдеді. Джордж Кассей елде тұрақтылық орнай бастаса келесі жылы көктемде Ирақтан америкалық әскерді шығара бастауымыз мүмкін деді. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд кеше Бағдадта Ирақ бас министрі Ибрағим Әл-Жафаримен келіссөз жүргізді, елдің жаңа конституциясының жобасы 15-шы тамызға дейін дайындалса жөн деп үндеу айтты. Алжир президентінің әкімшілігі Ирақтағы адам ұрлаушылар елдің екі дипломатын өлтіргенін растады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі