Accessibility links

А.Лукашенконың бір мәлімдемесі Варшава мен Минск арасында дипломатиялық жанжал туғызды


ВАРШАВА. Бүгін Польшаның сыртқы істер министрі Адам Рутфелд, оның өз сөзімен айтқанда, поляк елшісі “Беларуссиядағы ахуал өзгермей” Минскіге аяқ баспайды деп мәлімдеді. Шамамен соңғы 2 ай ішінде Польша мен Беларуссия бір-бірінің дипломаттары мен азаматтарын қудалаумен әуре болды. Бұл жанжал беларусь президенті А.Лукашенконың ресми Варшаваны Беларуссияның ішкі істеріне килікті деп айыптауынан соң басталды. Сейсенбі күні ресми Минск төртінші поляк өкілін елден қуатынын мәлімдесе, Польша Беларуссияның 4 өкілін қуды. Польша бүгін Варшава мен Минск арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың нашарлауын талдау үшін өзінің осы елдегі елшісін шақырып алды. АҚШ пен Еуроодақ өкілдері А.Лукашенконы Еуропадағы ең соңғы диктатор деп бағалайды.
XS
SM
MD
LG