Accessibility links

Х.Мүбәрәк - Мысыр президенттігіне бесінші рет қатарынан дауысқа түседі


ҚАЙЫР. Мысыр президенті Хосни Мүбәрәк қыркүйек айында өтетін президент сайлауында 6 жылдық мерзімге бесінші рет дауысқа түседі. Ол жайында Мүбәрәк теледидардан бүгін хабарлады. Бұл Мысырда балама үміткерлер дауысқа түсе алатын бірінші президент сайлауы болмақшы. Алайда 1981 жылдан бері билік басында отырған Мүбәрәкқа тең келетін бақталас болмайтын тәрізді. Өз сөзінде Мысыр президенті, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы заңның орнына терроризмге қарсы күресетін заң қабылдауды ұсынды. Мысыр оппозициясының пікірінше, “Төтенше жағдайлар туралы” 1981 жылғы заңды ресми билік саяси еркіндікті шектеу үшін пайдаланды. Х.Мүбәрәк араб лидерлерін лаңкестік қастандықтар болған Шар Аш-Шайхқа алдағы аптаға төтенше бас қосуға шақырды.
XS
SM
MD
LG