Accessibility links

Босния сербтерінің бұрығы лидері Р.Караджичтің жұбайы ерін халықаралық сотқа берілуге шақырады


БАНЬЯ-ЛУКА. Босния сербтерінің бұрынғы лидері Радован Караджичтің зайыбы ерін Халықаралық трибуналдың қолына берілуге шақырды. Теледидардан жолдаған осы үндеуінде Лилиана Караджич: “Сізден мұны өтіну ауыр да өте қиын. Бірақ мен шын жүрегіммен, бүкіл жан-дүниеммен Сізден берілуіңізді өтінемін. Бұл біз бен біздің жанұямыз үшін құрбандық болсын!” –деп жалбарынды. Адам құқықтары жөніндегі Хелсинки комитетінің Босния-Сербия бөлімі жетекшісінің пікірінше, Лилияна Караджичтің бұл үндеуі жүрегінен шығып отыр. Р.Караджичке Босниядағы соғыс кезінде әскери қылмыстар жасады деген айыптар тағылып, ол 10 жылдан бері бас сауғалап жүр.
XS
SM
MD
LG