Ол хаттама бойынша, өткен жылы одаққа мүшелікке қабылданған жаңа 10 елге қарай кедендік одақ көлемі ұлғайтыла түседі. Сарапшылардың пікірінше, осы хаттамаға жұма күні қол қою арқылы Еуропа одағына мүшеліктегі соңғы кедергіден Түркия құтылды. Оған байланысты келіссөздер қазан айында басталуы мүмкін екен. Дей тұрғанмен, Кипр аралындағы Грек өкіметін мойындамай, Түрік қауымдастығын өздерінің қолдай беретіндігін ресми Анқара мәлімдеп отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?