Accessibility links

Баспасөз шолуы. 07.30.2005 жыл


Сенбі күні жарық көрген басылымдар үшін Қазақстандағы әлеуметтік және экономикалық ахуал басты тақырыпқа айналыпты.

“Егемен Қазақстан” газетінің сенбі күні жарық көрген санында Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына арналған “Қарқын көңіл көншіте ме?” деп аталатын деректі мақала жарияланыпты. Оның авторлары Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі ұсынған мәліметтер негізінде ел экономикасы тұрақты дамып келеді деген қорытынды жасайды. Газеттің жазуынша, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан өнеркәсібінің кен өндіру саласында ең жоғароы өсу байқалған. Ауылшаруашылығы саласында алғашқы жартыжылдықта, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 пайызға артық өнім өндірілген. Сонымен бірге сыртқы сауда да, инвестиция тарту мен ішкі сауда да өсу байқалған. Сонымен қатар биыл тұтыну рыногы мен қызмет көрсету нарығындағы барлық сала бойынша баға мен тариф те өскен. Мәселен азық-түлік бағасы 4,6 пайызға қымбаттаған деп жазады газет тілшілері.

Экономика мен әлеуметтік мәселелер “Айқын” газетінің Семей мен Шымкент қалаларындағы жарық және жылумен қамтамасыз етуге арналған мақалаларында тоқайластырылыпты. “Айқын” газетінің Семейлік тілшісінің жазуынша, Семей қаласын жылумеен қамтамасыз етудің үлкен проблемаға айналғанына 8 жыл болыпты. Шетелдік бір компанияның құзырына өтіп кеткен қаланың жылу қазандықтарын инвесторлар жөндейміз деген сылтаумен жылу бағасын өсіріп жіберді, ақыр аяғында түк бітірместен бәрін тастай қашты деп жазады газет тілшісі. Енді бірқатар мекемелердің алдында қарыз болған қаланың жылу жүйесінің алдағы тағдыры белгісіз, семейліктерлдің үйінде ыстық судың болмағанына жарты жылдан асты, соңғы кездері қаланың жарығы да екі сағатқа өшірілетін болды, бұл істі тезірек шешпесе қыстың қалай келгенінбілмей дет қалармыз деп түйіндепті автор.

Ал осы газеттің тілшісі Мұхтар Наушабай Шымкент қаласындағы жылу орталығының қазақстанда мұнай өндіріп жатқан шетелдік компаниялардың мазут бағасын өсіріп жібергеніне байланысты табиғи газға көшкендігін, алайда газдың Өзбекстаннан келетіндігіне байланысты оның бағасының да қымбаттап кетпейтініне ешкім кепілдік бере алмайтындығын тілге тиек етіпті.

Ал “Жас Қазақ” апталығында жарияланған “кеден және кәсіпкер: ортақ мүддені кім ойлайды?” деп аталатын мақалада кеден мен кәсіпкер арасында әлі де түсініспеушіліктердің, парақорлықтың тиылмай отырғандығы туралы жазылыпты. Газет тілшісімен тілдескен кәсіпкер Нұрлан Исқалиев кеден қызметкерлерінің кәсіпкерлерге қатысты кеден заңы мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарын жөн-жосықсыз пайдаланатындығын айтыпты.

Ал “Экспресс К” газетінің сенбілік санында зейнетақы мәселесіне қатысты мақала жарияланыпты. Мақала авторы бұрын қайтыс болған зейнеткердің зейнетақысы мұра есебіне кірмей, қайтыс болған жанның туыстарына төленіп келсе, зейнеткерлік туралы заңнан әлдекімдердің бұл баптыалып тастағынан жазады. Осылайша өлген жанның зейнетақысы мұра болып есептеліп, енді оны тек нотариустың рұқсатымен ғана алуға болады. Енді өлген адамның зейнетақысын алу үшін зейнетақы төлеу орынына барып өтініш толтырып, содан кейін бүкіл құжаттарымен нотариусқа баруы керек. Нотариус куәлікті тек бір-екі айдан кейін ғана береді, ол үшін 1400 теңге төлеуіңіз қажет дейді газет тілшісі.
XS
SM
MD
LG