АММАН. Амманда жасаған арнайы мәлімдемесінде Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеиннің адвокаттары сот залынан шығар берген сәтінде Саддамға бір адамның бас салып, екеуінің арасында төбелес болғанын хабарлады. Мәлімдемеде Саддам Хусеиннің жарақат алғаны жайында ештеңе айтылмаған. Бұрынғы диктаторды соттап жатқан Ирақтың арнайы трибуналы жұма күні одан жауап алынып жатқан суретін жариялады. Осы айдың басында трибунал С.Хусеинге 1982 жылы Ирақтың Дужайыл ауылындағы шийт мұсылмандарын негізсіз қырғаны туралы бірінші ресми айыбын тақты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады