ТАШКЕНТ. “Вашингтон пост” газетінің хабарлауынша, Өзбекстан үкіметі табанды түрде АҚШ-тан Қарши-Ханабад әуе базасыдағы әскерін алып кетуді талап етіп отыр. Осы газеттің мәліметі бойынша, Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі осы жөніндегі нотасын АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігіне жолдады. АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің өкілі “Вашингтон пост” газетіне ол жайында Пентагонның хабардар екенін және қазір министрліктің ахуалды бағалап жатқанын ғана хабарлаған. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті әзірге өзбек нотасына ешқандай сыр бідірмей отыр. Қарши-Ханабад базасын АҚШ Ауғанстандағы соғыс және қайырымдылық істері үшін пайдаланып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV