ЛОНДОН. Бүгін Италия парламентінде сөйлеген сөзінде осы елдің ішкі істер министрі Джузеппе Пизану 21 шілде күні Лондонда іске аспай қалған шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен Римде ұсталған тегі эфиопиялық - Осман Хусеиннің Италиядағы эфиопиялық және эритрейлік қауымдастықтарымен байланыс желісі болған деп мәлімдеді. Бұл күдіктіні Италия көп кешікпей Англияға табыс етуге тиіс. Осман Хусеин – Лондондағы соңғы лаңкестік шабылдарға қатысы бар деген 4 күдіктінің бірі. Лондон полициясы бүгін қалған үшеуін тергеу үстінде. Британ полициясы бүгін тағы 2 күдіктіні қолға түсірді.
Лондондағы соңғы лаңкестік шабуылдарға байланысты Римде ұсталған 4-інші күдікті Англияға берілуге тиіс
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты