ИСЛАМАБАД. Бүгін Пәкістанның ішкі істер министрі Афтаб Ахмед Шерпу елдің діни семинариялары мен медреселерінде оқитын 1,4 мың шетелдік шәкірт түгел елден шығарылады деп мәлімдеді. Бірақ, олардың Пәкістаннан нақты қашан шығарылатынын айтпады. Жұма күні Пәкістан президенті П.Мушарраф медреселерде оқығысы келген шетелдіктерге бірде-бір виза берілмейді деп мәлімдеді. Ол сонымен қатар терроризмге қарсы күресте Пәкістанның жақсы нәтижеге жеткенін атап көрсетті.
“Біз “Әл-Қаиданың” ішкі әрі сыртқы басқаруы мен байланысын бұздық. Демек, бұл – оның бір кісідей ұйымдасып, бір орталықтан басқарылып іс атқаруын доғарды деген сөз”, - деп мәлімдеді П.Мушарраф.
“Біз “Әл-Қаиданың” ішкі әрі сыртқы басқаруы мен байланысын бұздық. Демек, бұл – оның бір кісідей ұйымдасып, бір орталықтан басқарылып іс атқаруын доғарды деген сөз”, - деп мәлімдеді П.Мушарраф.