Accessibility links

С.Хусеиннің адвокаттары оны соттайтын трибуналға байкот жарияламақшы


АММАН. Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеин сот залынан шыға берген сәтінде оған белгісіз біреу дүрсе қоя беріп, екеуі төбелесіп қалды. Бүгін Амманда жасаған мәлімдемесінде С.Хусеиннің адвокаттары осылай деп мәлімдеді. Бірақ, оның пәлендей жарақат алғанын айтпады. Қорғаушылар С.Хусеинді күзеткен АҚШ жауынгерлерінің араша түспегенін атап көрсетті. Ал, АҚШ өкілдері ондай жанжалдың болғанын жоққа шығарып отыр. Бұрынғы диктаторды соттап жатқан Ирақтың арнайы трибуналы жұма күні одан жауап алынып жатқан суретін жариялады. Осы айдың басында трибунал С.Хусеинге 1982 жылы Ирақтың Дужайыл ауылындағы шийт мұсылмандарын негізсіз қырғаны туралы бірінші ресми айыбын тақты. Адвокаттар С.Хусеинге қорғаушыларын таңдау еркі берілмейінше, трибуналға байкот жариялайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG