Accessibility links

Римде ұсталған 4-інші күдіктіні Италия үкіметі Англияға беруге тиіс


ЛОНДОН. Бүгін Италия парламентінде сөйлеген сөзінде осы елдің ішкі істер министрі Джузеппе Пизану 21 шілде күні Лондонда іске аспай қалған шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен Римде ұсталған тегі эфиопиялық - Осман Хусеиннің Италиядағы эфиопиялық және эритрейлік қауымдастықтарымен байланысы болған деп мәлімдеді. Оның айтуынша, оның “Африка мүйізінен” шыққандармен және Милан мен Брешиа аймағының тұрғындарымен байланысы болған; Брешиада оның көңілдес қызының эфиопиялық әкесі тұрады”.

Бұл күдіктіні Италия көп кешікпей Англияға табыс етуге тиіс. Осман Хусеин – Лондондағы соңғы лаңкестік шабылдарға қатысы бар деген 4 күдіктінің бірі. Лондон полициясы бүгін қалған үшеуін тергеу үстінде.
XS
SM
MD
LG