Иранда кеше адам құқықтарын қорғаушы, белгілі қайраткер Абдұл-Фаттах Солтани қамалды, оған тағылған айыптар анық емес. ИСНА жаңалықтар агенттігі Абдұл-Фаттах Солтани Тегеран қаласында Иран заңгерлері орталығының алдында наразылық танытып отырған деп хабарлайды. Абдұл-Фаттах Солтани саяси істерде айыпталғандарды қорғайтын мен және басқа құқыққорғаушылар қорқытып-үркітуге тап болдық, соған наразымын деп айтқан. Тұтқындалар алдында "Фарда" радиосына сұхбат берген Абдұл-Фаттах Солтани өз ісін жақтауға халықаралық қауымдастықты шақырған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
-
Дәулетмұрат Тәжімұратов
"Билік өз қателері үшін жауапкершілікті белсенділерге артты". Түрмедегі қарақалпақ белсендісі
AzattyqTV