Accessibility links

Өзбек үкіметі американдық базаны жабуға алты ай беруі мүмкін


АҚШ сыртқы істер министрлігі Өзбекстан үкіметінен Ханабад қаласындағы американдық әскери базаны жабу талабын алғандарын растады. Министрлік өкілі Нэнси Бекк Ташкенттегі елшілігіміз осы аптада ондай дипломатиялық хатты алды, шарт бойынша кез-келген жақ келісімді тоқтатуға құқылы, деді. «Вашингтон пост» газеті өзбек үкіметі Ханабадтағы базадан кетуге алты ай уақыт беруі мүмкін дейді. АҚШ бұл базаны Ауғанстандағы әскери және гуманитарлық қызметтеріне пайдаланып келеді. АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Гленн Флууд өзбек үкіметінің қимылы бізге қиындық әкелуі мүмкін деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG