Accessibility links

Қырғыз еліндегі 440 өзбек босқынын Румынияға көшірген БҰҰ шарасын Өзбекстан қаралап отыр


Олар өткен мамыр айында Әндіжандағы қырғын кезінде қырғыз жеріне қашып өткен болатын. Өзбекстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеге қарағанда, ол босқындардың басқа елге көшірілуі халықаралық заң нормаларына сәйкес келмес екен. Өзбек ресмилерінің есебі бойынша, ол мамыр қырғынында 187 адам мерт болған. Көбі мұсылман жауынгерлері делінеді. Бірақ, құқық қорғаушылар қаза тапқандардың саны бірнеше есе көп дейді.
XS
SM
MD
LG