Accessibility links

Жармахан ТҰЯҚБАЙ: «Н.Назарбаевтың елді басқарып отырғанына 15 жыл болды. Бірақ, 15 жыл ел басқару керек деген қай жерде жазылған?»


«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі, оппозициялық топтан президент сайлауына ортақ үміткер Жармахан Тұяқбай және Коммунистік партияның бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин мен «Нағыз Ақ жол», «Алға» партиясын ұйымдастырушы топтың серкелері жұма күні кешкісін Астана жұртшылығымен кездесті. Жиынға 500-ден аса астаналық қатысты.

Кездесу «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысы ғимаратының ауласында өтті. Аталған қозғалыстың Астанадағы филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаевтың айтуынша, жиналыс өткізуге жергілікті әкімшіліктен бірнеше ғимараттарды сұраған.

«Алайда түрлі себептер айтып ғиараттарды бермеді, ал берген ғимараттарында жарық болмай шықты»,- дейді Серікбай Әлібаев.

«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай астана жұртшылығына өздерінің бір ғана мәселемен кездесуге келіп отырғандығын айтты. «Ол азат Қазақстанның халқы 14 жылда неге қол жеткізді? Қазір елде не боп жатыр? Осыны халыққа түсіндіру»,-деді Жармахан Айтбайұлы. Ол сонымен бірге Астана тұрғындарына өзінің оппозицияда жүрген соңғы сегіз айының ішінде түрлі оқиғаларды бастан кешіргенін, ал есік ауласында халықпен бірінші рет кездесіп отырғанын айтты. «Керісінше президент Назарбаев облыстарды аралаған кезде ол үшін қаншама шоу ұйымдастыратынын, оны күтіп алу үшін қаншама халықты қолына жалауша беріп, көшеге шығаратынын көз көріп жүр», - деді Жармахан Тұяқбай.

Жармахан Тұяқбаймен кездесуге жиналған Астана жұртшылығы оппозиция лидеріне «Президенттікке сайлауға түсем деп саяси ойын ойнап жүрген жоқсыз ба?» деген сұрақ қоюдан бастады. Бұл сұраққа Жармахан Тұяқбай президенттіктен жоғары лауазым жоқ екенін, егер саяси ойын ойнаса, бұл орынды иеленуіне ешқандай да сенім жоқ екенін айтты. Ол 57 жасыма келгенде билікпен ойын ойнаудан аулақпын деген пікірін білдірді.

Оппозициядан бірегей үміткер Жармахан Тұяқбай соңғы 14 жылдың ішінде халық байлығының талан-таражға салынғанын, шикі заттардың барлығын шетелдік компаниялардың иеленіп отырғанын, мұнайдан түскен қаражаттың оффшорлар арқылы шенеуніктердің қалтасына кетіп жатқанын, зейнеткерлердің, жұмысшылардың еңбек ақысы көтерілгенімен тауар бағасының екі есеге көтеріліп, экономиканың инфлияцияға ұшырап отырғандығын жеткізді.

«Ал шенеуніктердің қолында 10 млн. доллар олай-бұлай талапайға түсіп жүр», - дейді Жармахан Тұяқбай.

«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбайға халық тарапынан президенттің отбасына қатысты, Қазақгейт жөнінде және президенттің келесі сайлауға қайта түсуіне қаншалықты Конституцияға сәйкес мүмкіндігі бар деген сұрақтар қойылды. Жармахан Тұяқбай президент отбасына қатысты Констиуцияда президенттің жақын туыстары мемлекеттік жоғары лауазымды қызметте істеуіне болмайды деп жазылса да, оның күйеу балаларының Қазақстан экономикасының тең жартысын басқарып отырғандығын, ал қыздарының елдегі бұқаралық ақпарат құралдарын бір уысына ұстап отырғандығын жеткізді. Жармахан Тұяқбай АҚШ сотында қаралып жатқан Қазагейт ісіне қатысты істің негізгі мәселесі америка азаматы Джеймс Гиффенге ғана қатысты емес, оның Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктеріне кім болып, АҚШ барлаушысы болып, Қазақстанның мемлекеттік құпия ақпаратын билігіне жеткізу үшін пара берді ме, әлде алаяқтық жолмен шетелдік компаниялар арасында делдал болып, пара бергендігінде ме, қазір сотта осы мәселе қаралып жатыр,- деді.

Ал президенттің сайлауға қайта түсуге қаншалықты констиуциялық құқығы бар деген сауалға Жармахан Тұяқбай әдеттегідей барлық елдердің президенттерінің мерзімі тек ғана 4-5 жылмен ғана шектелетіндігін айтып, ал Қазақстан президенті он бес жыл тағында отырса да, ол өзінің әлі бірінші мерзімде отырғанын айтып келеді,- дейді.

Жармахан Тұяқбаймен өткен кездесуге президент жанындағы Қазақстан жастары конгресінің өкілдері мен «Лад» славян қозғалысының мүшелері қатысты. «Лад» славян қозғалысының өкілдері өздерінің қазіргі президентті қолдайтындықтарын айтып, оппозицияға биліктен орын жоқ,- деп мәлімдеме жасады.

Ал жиынға қатысқан Әлихан Бәйменов жетекшілік ететін «Ақ жол» партиясының мүшесі Қалиахмет Бимахимов «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының жетекшілерінің өткізіп отырған жиыны түсініксіз дейді, Өйткені ол президент сайлауының мерзімі әлі белгісіз екендігін айтып, оны бұл заңға қайшы деп түсіндірді.

Алайда, Жармахан Тұяқбаймен кездесуге қатысқан Астанада құрылысшы болып жұмыс істейтін жас жігіт, «Ақ жол» партиясы мүшесінің сөзіне қатысты Назарбаевта халықпен кездесіп жүр ғой, - деген пікірін білдірді.
XS
SM
MD
LG