Accessibility links

"Дискавери" кемесінде шұғыл жөндеу жасалмақ


АҚШ ғарыш агенттігі "Дискавери" кемесінің сыртында сәрсенбі күні жөндеу жұмысы атқарылады деп хабарлады. Кеме етегіндегі сыртқы қапшықтары ашылып, олардың арасынан изоляциялық материалдың шеті шығып тұрғаны жаңа қауіпсіздік мәселесін туғызып тұрғаны аян. Ақау жойылмаса "Дискавери" кемесі осыдан екі жыл бұрын "Колумбия" кемесі сияқты жерге қону кезінде апатқа тап болады деп алаңдайды НАСА агенттігі. Ашық космос жағдайында американдық ғарышкерлер мұндай жөндеу жұмысын бұрын-соңды атқармаған.
XS
SM
MD
LG