«Айр Франс» компаниясының бұл ұшағы ішінде 297 жолаушы және 12 ұшқыш бар еді. Қатты найзағай ойнап тұрған кезде жерге қонбақ болған ұшақ біраз жерге сырғанап барып, көп ұзамай-ақ отқа оранған болатын. Хабарларға қарағанда, ол от үлкен өртке айналғанға дейін ұшақ ішіндегі адамдардың барлығы да сыртқа шығып үлгерген екен. Оның 22-сі түрлі жарақаттар алған. Аталған оқиғаның нақты себептері әлі түсініксіз. Кейбір жолаушылардың сөзіне қарағанда, жерге қонбай тұрып-ақ, ұшаққа найзағай түскенге ұқсайды.