Ядролық бағдарламаға байланысты Иран тарапының бас келіссөз жүргізушісі Хасан Роухани бұл істі сенбі күні бастаулары мүмкін екендігін мәлімдеді. Аталған мәлімдемені АҚШ Мемлекеттік департаменті “оң өзгеріс” деп қуаттап отыр. Уранды байыту жөніндегі қызметтерін “екі күн ішінде бастаймыз” деп ресми Техран өткен аптада хабарлағаннан бері осы дағдарыс басталған болатын.