БАҒДАД. Бүгін Бағдадта Ирақ вице-премьерінің көмекшісі әрі Ұлттық Конгрестің қоғаммен байланысына жауапты өкілі Әд-Дужайли оққа ұшты. Оның алдында вице-премьер Ахмад Чалабидің автокөлігі атқыланып, бір оққағар қаза тапты. Чалабидің өзі автокөліктің ішінде болмаған. Кеше Ирақта АҚШ-тың 14 әскери теңізшісі мен олардың тілмәші жол бойындағы бомбаның жарылысынан қаза болды. Оның ізінше кеше АҚШ президенті Дж.Буш өзінің Ирақтағы миссиясын толық атқарып болмайынша АҚШ әскері бұл елден кетпейді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, “бас қолбасшыға әскерді шығарудың кестесін жасаудың қисыны жоқ. Біз соғысып жатырмыз. Біз аянышты білмейтін жаудың алдында тұрмыз. Біздің әскеріміз өзінің Ирақтағы миссиясын толық атқарып болған соң ғана, елге абыроймен оралатын болады”.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Париж жаңғырығы
Паралимпиада жүлдегерлері қоғам назарынан тыс қалды ма?
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
Көкейкесті мәселе
АЭС референдумы: халықтың экологиялық құқығы сақталып жатыр ма?
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?