Accessibility links

К.Хилл (АҚШ): “Біз нақты қадамға бару үшін, Пхеньянның ядролық бағдарламасынан бас тартқанына көз жеткізуіміз керек”


ПЕКИН. Корея Халық Демократиялық Республикасының ядролық қаруы проблемасы бойынша 6 жақты келіссөзге Ресей делегациясы қайта оралып, бұл келіссөздің тағы 1 не 2 күн жалғасатынын хабарлады. АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея өкілдерінің 6 жақты келіссөзі осымен 10-ыншы күн жалғасып, 4 сатылы келіссөздің ішіндегі ең ұзағы болды. Бүгінгі отырыстың алдында АҚШ делегациясының басшысы Кристофер Хилл: “Демократиялық Корея өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартқандай болып, біз оған сенгендей болып отырғанда нақты ұстанымға келу қиын. Біз нақты қадамға бару үшін, оның бағдарламадан нақты бас тартқанына көз жеткізуіміз керек”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG