Accessibility links

2 ай бойы Варшавамен жанжалдасқан Минскі неге көрші елге “қырын” қарайды?


КИЕВ. Еуроодақтың Минскіні адам құқын құрметтеуге шақырған үндеуін ресми Киевтің қолдуына көрші Беларуссияның ашу-ызамен және “жөнсіз” қарағанына Украина алаңдап отыр. Украинаның сыртқы істер министрлігі бүгін осындай мәлімдеме жасады. Құжатта Киевтің Минскімен арада ашық та достық қарым-қартынаста болуды көздейтіні атап көрсетіледі. Осы дүйсенбіде Украина Беларуссияның елдегі поляктар қоғамына қысым көрсетуінен соң Брюссель ресми Минскіні адам құқын құрметтеуге шақырып, Украина оған өз үнін қосқан болатын. Сәрсенбі күні Беларуссияның сыртқы істер министрлігі Еуроодақты қолдаған Молдова мен Украинаның Минскідегі елшілерін шақыртып алып, екі елдің “достастыққа жатпайтын” әрекеті үшін ескерту жасады.
XS
SM
MD
LG