Атап айтқанда Британия, Германия, Франция өкілдері Иран ресми өкілдеріне экономикалық және саяси әріптестікке орай ұсыныстарын тапсыратын болады. Бұған байланысты Иран тарапы көзқарастарын айта қойған жоқ. Осы аптаның басында Иран елі Исфахан бекетінде ядролық өндірістегі кейбір әрекеттерін қайта бастайтындықтарын мәлімдеген болатын. Мұндай шешім себебін “Еуропа одағы жаңа көмек ұсыныстарын жасауда тым баяулық танытып отыр” деп түсіндіріскен еді. Одан кейін бұл мақсаттарын жүзеге асыруды кейінге қалдыратындықтарын да хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес