БАҒДАД. Ирақтың премьер-министрі Ибраһим әл-Жафаари бүгін Ән-Наджаф қаласында елдің жаңа Конституциясы жобасын шийттердің рухани жетекшісі, аятолла Әли Ас-Систанимен талқылады. Оның ізінше Әл-Жафаари атап көрсеткендей, Ас-Систани жаңа конституция Ирақтың барлық діни ағымның, саяси және ұлттық әркелкіліктің айнасы болуға тиіс деп мәлімдеген. Сонымен қатар Аятолла Ас-Систани егер халық қалаған жағдайда, Ирақтың федералдық мемлекет болуына қарсы еместігін білдірген. Бүгін Ирақ басшылығы конституция жобасы бойынша бүгінгі белгілеген кездесуді жексенбіге қалдырыды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі