БАКУ. Бүгін Әзірбайжанның Халық майданы партиясының лидері Әли Керимли қараша айындағы парламент сайлауын ашық та әділ өткізуге уәде берген ресми биліктің жастар қозғалысының жетекшісі Руслан Баширлиді тұтқындағанын хабарлады. Бакуде журналистер алдында ол Руслан Баширлидің қамауға алынуын – президент Илһам Әлиевтің істеп отырған арандатушылығы деп бағалады. Оның айтуынша, бұл арандату және қорқыту мен бопсалау мақсатындағы бұл науқан – оппозицияның назарын әділ де еркін сайлау жолындағы күресінен басқаға бұру үшін істеліп жатыр. Бірақ, деп мәлімдеді оппозициялық партияның лидері, ресми билік ол мақсатына жете алмайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр