Accessibility links

Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөз әлі нәтиже берген жоқ


БЕЖИН. Қытайда Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша 12-нші тәулік жалғасқан 6 жақты келіссөздің барысында тараптар әзірше еш нәтижеге келген жоқ. АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония, Солтүстік және Оңтүстік Корея делегацияларының қатысуымен өтіп жатқан келіссөздің басты мақсаты - Пхеньянды ядролық ізденістерінен бас тартуға көндіріп, оның орнына Пхеньянға қауіпсіздік кепілдігі мен экономикалық көмегін ұсынбақшы. АҚШ делегациясына жақын дипломатиялық ақпарат көзінің хабарлауынша, Вашингтон әлдеқайда жұмсарып, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламаны бейбіт мақсатта пайдалану құқын мойындаған. Бірақ Пхеньян халықаралық міндеттемелерін бұлжытпай орындауға тиіс.
XS
SM
MD
LG