Accessibility links

МАГАТЭ-ні Иранның уранды байыту бағдарламасын қайтадан іске қосуы алаңдатады


ТЕҺРАН. Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі саяси дағдарысты үйлестіру мақсатымен Еуроодақтың соңғы ұсынысын ресми Теһран қабылдамай қайтарды. Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хамид Риза Азефи ол ұсынысты “тиімсіз” деп бағалады. Бүгін атом энергиясы бойынша МАГАТЭ агенттігі алдағы сейсенбіде Иранның Исфахан қаласындағы ядролық реакторын тексеруге баратынын хабарлады. Иран уран өндірісін таяу күндері іске қоспақшы. Ал соңғы ұсынысында Еуроодақ Иранның Ресей мен Еуроодақ елдерінен импортталған отыннан атом қуатын өндіруге деген құқын мойындауға шақырған көрінеді. Бірақ құжаттың жай-жапсары әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG