Ал Маржан Аспандиярованың өзі жоғарыдағы айыппен келіспейтінін айтады. «Мен өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Керісінше, өзіме де, халыққа да осындай жұмысымды одан әрі жалғастырамын деп уәде беремін. Бүгін сотқа куәгер ретінде «Халық банкінің» күзет қызметкерлері мен сол жиынды көздерімен көрген полиция қызметкерлерін де шақырдық. Бірақ олар келген жоқ. Себебі, іске байланысты толтырылған хаттама құжаттардың барлығында қателіктер жіберілген», дейді оппозиция белсендісі.
Маусым айының 27-сі күні Алматыдағы «Халық банкі» ғимараты алдындағы жиынға қатысушы куәгер Мұрат Нүсіпов өзінің көрген-білгенін былайша баяндайды:
«Пәтерақыны төлейін деп банк ғимаратының ішінде кезекте тұрғам. Сол сәтте бастарына сары түсті бас киім киген бір топ адам банктің алдына жинала бастады. Арасында Маржан Аспандиярова сөз сөйлеп, біраз уақыт тұрды. Мен сырттай қызықтап бақылап тұрдым. Жиналған топтың талабын есту үшін банк ғимараты ішінен ешкім шыға қойған жоқ. Маржан Аспандиярова бүгін базарда демалыс болса, халық банкінде де демалыс екен. Тараңыздар деді. Халық тарап кетті».
Тағы бір куәгер Геройхан Қыстаубайұлы: «АПК-ны сатылмасын, ол - халықтың меншігі, қала халқының жағдайы нашарлап кетпесін деген мақсатпен «Халық банкінің» алдына жиналдық. Мен өзім де болдым. Ол жерде ешқандай заң бұзушылықтар, Конституцияға қайшы келетін өрескел талаптар болған жоқ. Біздің елді әділетсіздік жайлап алған. Біз оған қарсы күресуіміз керек. Жекешелендірудің барлығы да сондай тәсілмен өтті ғой. Нысандардың барлығы тегін берілді. Сондықтан да халықтың қазіргі жағдайы төмен болып отыр. Экономикамыз көтеріліп келеді деп айтамыз. Экономиканың көтерілгендігін халық сезініп отырған жоқ”, дейді.
Қаралып жатқан іске байланысты сот төрағасы Ғалым Келдібаев мырзаға сөз кезегін ұсынғанымызда ол іске нақты шешім шықпайынша ешқандай түсінік бермейтіндігін айтты. Сот мәжілісінде сағат 17-ге дейін үзіліс жарияланды.