Accessibility links

Ауғанстанда қаза тапқан АҚШ жауынгерлерінің қатары өсе түсті


КАБУЛ. Ауғанстандағы АҚШ әскерінің хабарлауынша, тәліптердің қалдықтарымен шайқасып жүрген топқа қарсы сейсенбі күні ұйымдастырылған шабуылдан 2 АҚШ жауынгері жараланды. Олардың бірі Баграмдағы әскери базаға оралған бойда алған жарақатынан мерт болды. Бұл шабуылды Талибан қозғалысы өз жауапкерлігіне алды. Ауғанстан үкіметінің хабарлауынша, тәліптер 18-інші қыркүйекке белгіленген парламент сайлауын өткізбеуді көздеп отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG