Accessibility links

Әзірше Қазақстан мен Ресейде жабайы және үй құстары қырылып, бірақ адамға да жұқпай ма деген қауіп бар


АСТАНА. Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі “құс тұмауының” адамға қатерлі H5N1 деген атауымен белгілі вирусының аңғарылғанын растады. Осыдан 6 күн бұрын “құс тұмауына” шалдыққан оқиғаның болғанын хабарлаған министрлік, сондай-ақ, оқиға болған Павлодар облысындағы Голубовка ауылында карантин енгізілгенін хабарлады. Бұл облыс – алғаш рет “құс тұмауының” H5N1 вирусы аңғарылған Ресейдің бірқатар облысымен шекаралас жатыр. Аталған вирустан 2003 жылдан бері қарай Азияның бірқатар елінде 50-ден астам адам қаза тапты. Бұл дерттен әзірше Қазақстан мен Ресейде жабайы және үй құстары қырылып, енді адамға да жұқпай ма деген қауіп бар. Қазақстаның ауыл-шаруашылық министрлігі сейсенбі күні республикада “құс тұмауына” шалдыққан оқиғаның тіркелмегенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG