ТЕҺРАН. Кеше оқыған дұғасында Иранның бұрынғы президенті Ақбар Хашеми Рафсанжани атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің Теһранды ядролық бағдарламасын тоқтатуға шақыратын шешімін бірауыздан қабылдайтынын Иран күткен жоқ-ты деп мәлімдеді. Оның өз сөзімен айтқанда: «...бұл кісілер Иранды жеңдік деп ойлайды, бірақ Иранды - басқыншылыққа душар болған Ирақпен немесе БҰҰ-ының санкциясымен жазаланған Ливанмен салыстыруға болмайды», - деп мәлімдеді Рафсанжани. Оның дұғасынан кейін Иранға ядролық бағдарламасын дамыту құқын беруді талап етіп, “Үлкен сайтан”-ға қарсы үндеу айтып жүздеген адам Теһран көшелеріне шықты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?