Accessibility links

Тамыздың 12-і – халықаралық жастар күні. Душанбелік 13 жасар Фируз Аримзоданы тәжікстандық балалардың тіршілігі алаңдатады


Тәжікстандағы балалар туралы әңгімелегенде, олардың қиын өмірлеріне назар аударылады. Орта Азияның бұл елі бұрынғы Совет Одағындағы ең кедей елдің бірі. Жыл сайын мыңдаған бала мектепті тастап көшеге шығып, қандай жолмен болсын ақша табуға мәжбүр. Бірақ, барлығының бірдей жағдайы осылай қорғалмаған деп айтуға болмайды. БҰҰ-ның жастар әрекеті жөніндегі жоспарының бір мақсаты - барлық баланың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау. БҰҰ 5-ші жыл қатарынан 12-тамызда халықаралық жастар күнін атап өтіп келеді. Осы күнге орай, Азаттық радиосының тілшісі Душанбеде барлық тәжік балаларының қажетті білім алуына үлгі болатындай, табанды түрде мақсатына жеткен 13 жасар баланы кездестірген еді.

Өте байсалды оқушының бірі ретінде Фируз Аримзода тығыз күн тәртібін ұстанады. Бұл жеткіншек тәжік, орыс, түрік тілдерінде сөйлейді әрі ағылшын тілін үйреніп жатыр. Ол күні бойғы мектептегі сабақтан кейін, екі сағат үй жұмысын жасаудың әркезде де оңай бола бермейтінін мойындайды.

«Кей кездері мен тіл үйренуге отырғанда, мен өзімнің шаршағанымды сезінем, мен оны жасағым келмей тұрады, ұнатпай тұрам. Бірақ, бір кезде өзіме-өзім мен мұны үйренуім керек деп айтқан соң, оны оқығым келеді», - дейді Фируз.

Мұндай тәртіпке өзін көндіру арқылы Фируз, ел астанасы Душанбедегі ең жақсы тәжік-түрік тілдеріндегі колледжді аяқтады. Қырқүйек айында ол тоғызыншы сыныпқа барады.

Ол екі мектепті тәмамдап, қазір Санкт-Петербургтағы университетте білім алып жатқан өзінің үлкен ағасы сияқты. Фируз өзінің болашақта білім алу жоспарының үлкен екенін айтады.

«Ресейдегі Мәскеу мемлекеттік университеті, Халықаралық байланыстар жөніндегі Мәскеу мемлекеттік институты, Британиядағы Оксфорд, Кэмбридж университеттері. Мен осы университеттерді оқуымды жалғастырғым келеді. Мен Тәжік университетінде де оқығым келеді, бірақ мен бұл жерден ол жердегідей білім ала алмаймын ба деп ойламаймын», - дейді душанбелік жасөспірім.

Бұл аласа бойлы, кітап оқығанда немесе ойланғанда шашын саусағымен бұрап отыратын ширақ бала өз сынып оқушылары арасында көзге бірден түседі. Ол өзінің сыныбындағы ең жақсы оқушы. Тіпті оның хоббиі де - интернет веб-сайттарын ашып, бағдарламалар жасау сияқты жайттермен айналысады. Оның анасы Рано ұлының жетістіктерін мақтан тұтады. Бірақ, оны да аямпаз ана деуге болмайды.

«Менің балаларым үшін бір мақсатым мен бір арманым бар. Мен өз балаларымның жоғары білім алып, қай жерде болсын қалаған мамандықтарын игергенін көргім келеді. Сосын мен, олардың өз елдерінде, Тәжікстанда еңбек еткенін қалаймын. Мен үнемі олардың ұстаздарына, оларға баға қойғанда көтермелемей, әділ болыңдар деп айтамын. Өйткені, олардың білімі - ең маңызды мәселе», - дейді Фируздың анасы.

Фируздың ата-анасының екеуінің де экономикалық білімі бар. Бірақ, бұрынғы Совет елі Тәжікстанда өмір ахуалы өзгеріп, олардың беделді деген жұмыстары айына бар болғаны 15 доллар төлейді. Ал, бұл елдегі өмір сүру деңгейіне ең аз дегенде айына 60 доллар қажет.

Фируздың әкесі сабақ беруден басқа жұмыс жасай алмаймын деп, әлі университетіндегі жұмысында жасайды. Алайда, Рано өзінің университеттегі жұмысын тастап, Душанбе базарында Қытай мен Түркия заттарын сатып, жүр. Ол күні бойы жұмыс істейді, ол енді бұрынғы ұстаздық мансабынан алыстап, саудагер ретінде күн көреді. Дегенмен, оның тапқан табысы балаларының мектебіне жетеді. Егер ата-ананың ар-ожданы болса, балалары үшін бәріне көнуге болады дейді, Рано.

«Бір уақыттарда менің университетте де дәріс беріп, онымен қатар пісірілген тағамдарды базарда сатып жүрген кезім де болды. Менің олай жасаған себебім, мен балаларыма тиесілі нәрсенің бәрін бергім келді. өйтені олар басқа балалардан кем емес. Егер балаға өмір сыйласаң, оның аяғынан тұрып кетуі үшін, жақсы білім алу үшін бәрін жасауын керек. Себебі, ол сенің келешегің», - дейді Рано.

Бұрынғы совет елдері ішінде мектептерінің көбі босап қалған ел - Тәжікстан. БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының есептері бойынша, Тәжікстанның 5 пен 14 жас арасындағы 18 процент баласы мектепке бармай, жұмыс істеп жүр. Олардың көбісі қараусыз, кейбірі есірткіге ұрынған.

13 жасар Фируз мектепке бармай жүрген өзімен жасты балаларды білетінін айтады. Сондықтан ол, өз білімін жетілдіріп, келешекте барлық Тәжік балаларының мектепке барып, білім алуына мүмкіндік жасағым келеді деген үмітін жеткізді. Оған жетудің ең дұрыс жолы - Тәжікстанның президенті болып сайлану шығар дейді ол.

«Егер мен президент болсам, мен жасайтын іс осы болмақ. Мен Тәжікстанның балаларына қажеттінің бәрін беру үшін барлығын жасаймын. Олардың өмірі жанұясы үшін ақша табудан емес, білім алудан басталуы керек. Олар тек білім алуға назар аудару керек, өйткені біздің еліміз тез өркендеуді қажет етеді», - деп санайды тәжік жасы Фируз.

Уақыт таба білгенге демалуға да мүмкіндік бар дейді Фируз, ол спортты жақсы көреді, күнде аздаған уақытын таэквондо және айкидомен жаттығуға бөледі. Сөйтіп, жаттығу миыңның демалуына мұрсат береді дейді, 13 жастағы жеткіншек Фируз.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG